«Шабыт» XXІ Халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің ережесі

«Шабыт» XXІ Халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша, фестиваль келесі номинациялар бойынша өтеді:

  1. «Классикалық музыка» номинациясы (Ағаш үрлемелі аспаптар, мыс үрлемелі аспаптар, соқпалы аспаптар, камералық ансамбль);
  2. «Халық музыкасы» номинациясы (Қобыз, прима-қобыз, шертер, бас-шертер, домра-прима);
  3. «Журналистика» номинациясы (Теледидар: «жаңалық сюжеттері», «бағдарламалық сюжеттер мен деректі фильмдер»; Интернет-ресурстар);
  4. «Эстрадалық вокал» номинациясы;
  5. «Хореография» номинациясы (Халық биі).

 Фестиваль 2017 жылғы 5 – 9 қараша аралығында Қазақстан Республикасының елордасы – Астанада өтеді. Фестивальге қатысу өтініштерін ұйымдастыру комитеті 2018 жылдың  30 қазанына дейін қабылдайды.

Фестивальда келесі сыйлықтар белгіленген:

  • Бас сыйлық – Қазақстан Республикасы Президентінің кубогі;
  • Бас жүлде;
  • 1, 2, 3 орын «Лауреат» атағы, «Шабыт» медалі және шығармашылық ұжымдарға үстелге қоятын «Шабыт» медалі;
  • Қазақстанның танымал өнер және мәдениет қайраткерлерінің рухына бағышталған атаулы дипломдар мен сыйлықтар;
  • «Дипломант» атағының дипломдары;
  • Жеке номинациялар бойынша арнайы дипломдар мен сыйлықтар.   

Байқаудың  жалпы сипаттамалары:

  • фестивальге кез келген ұлт өкілдері қатыса алады;
  • жас шектеуі әр номинацияның ережесінде көрсетілген;
  • байқауға қатысуға тек фестивальға қатысу жөнінде ресми шақыру қағазын алған талапкерлер ғана жіберіледі. Әр номинация бойынша іріктеу барысында таңдалған талапкерлерге жазбаша түрдегі ресми шақыру қағазы белгіленген уақытта пошта арқылы немесе электронды пошта арқылы жіберілетін болады (шақыру жеке немесе топтық болуы мүмкін);
  • арнайы бәйге жариялауды қалайтын кез-келген ұйым бұл мәселені  Ұйымдастыру комитетінің келісімімен жүзеге асыра алады;
  • барлық лауреаттар мен дипломанттар қорытынды концертке ақысыз қатысуға міндетті (Ұйымдастыру комитетінің шешімімен);
  • Ұйымдастыру комитеті қорытынды концертпен қатысушылардың көрсеткен өнерін қосымша сыйақысыз бейнетаспаға жазуға, таратуға және арнадан көрсетуге құқылы.

 Марапаттар мен сыйақылар бөлінбейді.

Қажетті құжаттар:

  • Қатысушының жеке куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • 20-сандық есепшоттың нөмірі (банктен анықтама – көшірмесі);

Ақшалай сыйақылар, ҚР заңнамасы бойынша, Қазақстан Республикасының резиденттері үшін 10% жеке кіріс салығын ұстап қалып, ал Қазақстан Республикасының резиденттері емес азаматтар үшін 20% жеке кіріс салығы ұсталады.

Қазақстан Республикасының резиденті үшін ақшалай сыйлықтар фестиваль аяқталған соң 10 жұмыс күні ішінде банктік есепшотқа аударылады.

Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын конкурс лауреаттары, сондай-ақ дипломанттары болып табылатын қатысушылар ақшалай сыйлықтарды фестивальды ұйымдастыру комитеті белгілеген жерден алады.

Қатысушылардың жол шығындары жіберуші тарап есебінен төленеді, не қатысушылар жол ақысын өз есебінен жүзеге асырады;

Байқаудың іріктеу кезеңінен өткен конкурсқа қатысушыларды фестивальді Ұйымдастыру комитеті тамақпен және жатын орынмен қамтамасыз етеді. Тұру және тамақтану тек қана конкурсқа қатысу кезеңінде қамтамасыз етіледі. Егер конкурсқа қатысушы конкурсқа қатыса алмай шығып қалса, әрі қарай тамақтануы мен жатын орны конкурсанттардың өз есебінен іске асады (қонақ үй бөлмесін байқау нәтижесін жариялағаннан кейін жарты күн ішінде қайтарып беруі тиіс).

 

Ескерту:

«Шабыт»  фестивалінің бұрынғы жеңімпаздары (Бас-жүлде және I орын)   конкурсқа қатыса алмайды.

Фестивальға қатысу үшін материалдарды келесі мекенжайға жолдау қажет:

Қазақстан Республикасы 010000, Астана

Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы,

Бейбітшілік к-сі, 11.

Фестивальдің байқаулық номинациялары жөніндегі толық ақпаратты алу үшін фестивальдің Ұйымдастыру комитетіне хабарласу керек.

Байланыс телефондары: тел: +7 (7172) 556771,+7 (7172) 557409, +7 701 538 5973

Факс: +7 (7172) 557409

Сайт: www.shabyt.astana.kz

 

Ұйымдастыру комитеті өтініштерді сауалнамалық мәліметтерге және басқа міндетті материалдарға сүйеніп іріктеу жасауға құқылы.

 

Ұйымдастырушылар:

Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы, Қазақ Ұлттық Өнер университеті