«Журналистика» номинациясы (Телевидение: «жаңалық сюжеттері», «бағдарлама сюжеттері мен деректі фильмдер»; Интернет ресурстар)

Өткізу күні және орны:

Байқау 2018 жылғы 5-9 қараша аралығында «Алау» мұз сарайында

өтеді.

Байқаудың жалпы сипаттамасы:

  • Конкурстың барлық кезеңдері жариялы түрде өтеді;
  • өнер көрсету тәртібі барлық қатысушылардың жеребесімен айқындалып,

конкурстың соңына дейін сақталады.

– байқау жас журналистер арасында үздік журналистік еңбекті анықтау үшін өткізіледі, мақсаты – шығармашыл жастардың назарын Қазақстан Республикасының елордасына аударту. Республикалық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында Астананың әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігі жайлы баяндауды белсендіру, оның оң имиджін дамыту, Қазақстанның елордасы – Астананың дамуының кезеңдері туралы қоғамды кеңінен ақпараттандыру;

– байқауға меншік нысанына, ведомствоға қарастылығына және басылым/хабар тарату тіліне қарамастан бұқаралық ақпарат құралдарының шығармашыл қызметкерлері қатыса алады;

– байқауға елорданың 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде заманауи Астананың қалыптасуы, дамуы және қазіргі жағдайы тақырыбында эфирге шыққан және интернет ресурстарда жарияланған жұмыстар қатыса алады;

– байқауға ұзақтығы 20 минуттан аспайтын интернет-жарияланымдар, фоторепортаждар, жаңалық телесюжеттер, бағдарламалық телесюжеттер, деректі фильмдер қабылданады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

Фестиваль-байқауға 35 жасқа дейінгі барлық ұлт өкілдері қатыса алады;

Өтінім беру шарттары:

– ұсынылған үлгі бойынша баспа әріптермен толтырылған өтінімдер басқа да

қажетті құжаттармен бірге Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасының Ұйымдастыру комитетінде, сонымен қатар фестивальдің www.shabyt.astana.kz ресми сайтында қабылданады;

– Өтінімдерді онлайн жүйеде берген үміткерлер электронды өтінімде жүмысына сілтеме қалдыруы керек. Өтінімдерді ұйымдастыру комитетіне тапсыратын үміткерлер жұмыстарын электронды тасымалдаушымен қалдыруы керек (диск/флэшка)

– электронды өтінімді жібермес бұрын барлық қажетті жолдардың толтырылғанына көз жеткізіңіз. Сондай-ақ, электронды 2 және одан артық мәрте жібермегеніңіз жөн. Қажетті құжаттар тізіміндегі құжаттар толық болмаса фестивальге қатысуға берілетін өтінім қабылданбайды.

  1. Өтінім;
    2. Төлқұжаттың көшірмесі немесе жеке басыңызды куәландыратын басқа құжат;
    3. Қысқаша өмірбаяныңыз, Сіз қатысқан байқаулар мен фестивальдер тізімі (бар

болса);

  1. Дипломның көшірмесі немесе оқу орнынан анықтама;

Қазылар алқасы:

Қазылар алқасы журналистика саласындағы беделді және халық мойындаған тұлғалардан тұрады. Қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайды!

 

Тіркеу:

Тіркеу процедурасы 2018 жылдың 5 қарашасында сағат 11.00-де Астана қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында (Бейбітшілік к-сі, 11) жүргізіледі.

Тамақтану, тұру және жол жүру:

Ұйымдастыру комитеті конкурсанттарды фестивальге қатысу уақытына тамақпен және тұрғын-жаймен қамтамасыз етеді. Егер конкурсант байқаудан шығып қалса, ол жүріп-тұру шығындарын өзі көтереді.

Шетелдік қатысушылар төлқұжаттарын және визаларын Қазақстан елшілігінде өз бетінше рәсімдейді.

Астана қаласына белгіленген мерзімнен бұрын келген қатысушылар өзінің келуіне дейін ұйымдастыру комитетімен белгіленген мерзімі келгенге дейін шығындарын өз бетінше көтереді (авиа және Ж/Д рейстері кестесіне қарамастан).

Бағдарлама

Қатысушыларды іріктеу 2 кезеңде өтеді:

I-кезең

  • Қазылар алқасы Фестивальге ұсынылған дайын жұмыстарды қарастырады.

IIкезең

  • Шығармашылық тапсырма. «Телевидение» байқауына қатысушыларға – телесюжет (ұзақтығы 3 минуттан аспайтын), «Интернет ресурстар» байқауына қатысушыларға – фоторепортаж.

 

Қажетті жағдайда Фестивальдің Ұйымдастыру комитеті қатысушыларға телеоператорды және монтаждауға керекті жабдықтарды қамтамассыз ете алады (басқа аймақтардан келген қатысушыларға).

Үздік жұмыстар Фестивальдің жабылуына арналған гала-концерт кезінде корсетіледі.

Сыйлықтар мен марапаттар:

Телевидение («жаңалық сюжеттері», «бағдарлама сюжеттері және деректі фильмдер»):

Гран-при – құрмет дипломы, медаль және 350 000 теңге ақшалай сыйақы

Жаңалық сюжеттері:

1-орын құрмет дипломы, медаль және 300 000 теңге ақшалай сыйақы

2-орын құрмет дипломы, медаль және 250 000 теңге ақшалай сыйақы

3-орын құрмет дипломы, медаль және 200 000 теңге ақшалай сыйақы

Бағдарлама сюжеттері және деректі фильмдер:

1-орын құрмет дипломы, медаль және 300 000 теңгеақшалай сыйақы

2-орын құрмет дипломы, медаль және 250 000 теңгеақшалай сыйақы

3 -орынқұрмет дипломы, медаль және 200 000 теңгеақшалай сыйақы

 Интернет ресурстардағы жарияланымдар:

Гран-при – құрмет дипломы, медаль және 350 000 теңге ақшалай сыйақы

1 –орын құрмет дипломы, медаль және 300 000 теңге ақшалай сыйақы

2 –орын құрмет дипломы, медаль және 250 000 теңге ақшалай сыйақы

3 –орын құрмет дипломы, медаль және 200 000 теңге ақшалай сыйақы

Арнайы сыйлықтар:

– Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы атынан арнайы диплом және     80 000 теңге ақшалай сыйақы қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен беріледі.

  • Журналистика номинациясы бойынша Шерxан Мұртаза атындағы атаулы диплом 80000 теңге

-Лауреат атанбаған ақтық айналым қатысушылары қазылар алқасының шешімімен дипломдар мен және «Халықаралық байқау дипломанты» атағымен марапатталады.