«Халық музыкасы» номинациясы (Қобыз, прима-қобыз, шертер, бас-шертер, домра-прима)

«Халық музыкасы» номинациясы

(Қобыз, прима-қобыз, шертер, бас-шертер, домра-прима)

 Күні және өтетін орны:

Байқау 2018 жылдың 5-9 қараша аралығында «Астана» концерттік залында  өтеді.

 Номинацияның жалпы сипаттамасы:

  • Конкурстың барлық кезеңдері жариялы түрде өтеді;
  • Барлық шығармалар жатқа айтылады;
  • өнер көрсету тәртібі барлық қатысушылардың жеребесімен айқындалып, конкурстың соңына дейін сақталады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

Конкурсқа 16-дан 35 жасты қоса алғандағы кез келген ұлт өкілі қатыса алады;

Өтінім беру шарттары:

–  Ұсынылған үлгіде баспа әріптерімен толтырылған өтініштер мен өзге де қажетті құжаттар Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасының Ұйымдастыру комитетінде, сонымен қатар, фестивальдің shabyt.astana.kz ресми сайтында қабылданады.

–  Электронды өтінішті жібермес бұрын барлық қажетті жолдары толтырылғанына көз жеткізіңіз. Сондай-ақ, электронды өтінішті 2 және одан да көп рет жібермеуге кеңес береміз. Қажетті құжаттар тізімінде көрсетілген құжаттар қалыс қалған өтініш фестивальге қатысу үшін қабылданған болып саналмайды.

  1. Өтінім;
  2. Төлқұжат немесе жеке басын куәландыратын өзге құжаттың көшірмесі;
  3. Сіз қатысқан конкурстар және фестивальдер тізбесі, академиялық білімді қоса алғандағы қысқаша өмірбаян (дипломның көшірмесін қоса беру қажет);
  4. Диплом көшірмесі немесе оқу орнынан берілген анықтама;
  5. Әр қатысушы өз концертмейстерін (тұру және тамақтану өз есебінен) ала келуі тиіс, қажет болған жағдайда, фестивальдің Ұйымдастыру комитеті ақылы негізде концертмейстер бере алады.

Қазылар алқасы:

Қазылар алқасы беделді және танымал қайраткерлерден тұрады сонымен қатарөнер әлеміндегі белгілі мамандардан тұрады.

Қазылар алқасының шешімі қайта қаралуға жатпайды!

 Тіркелу:

Тіркеу рәсімі «Астана» концерт залында 2018 жылдың 5 қарашасында өтеді.

Тамақтану, тұрғын-жай, жол жүру:

Ұйымдастыру комитеті конкурсанттарды фестивальге қатысу уақытына тамақпен және тұрғын-жаймен қамтамасыз етеді. Егер конкурсант байқаудан шығып қалса, ол жүріп-тұру шығындарын өзі көтереді.

Астана қаласына белгіленген мерзімнен бұрын келген қатысушылар өзінің келуіне дейін ұйымдастыру комитетімен белгіленген мерзімі келгенге дейін шығындарын өз бетінше көтереді (авиа және Ж/Д рейстері кестесіне қарамастан).

 Бағдарлама

 ҚОБЫЗ

I-кезең

  1. Қоркыт «Қорқыт» 1 нұсқа (міндетті түрде)
  2. «Аққу» халық күйі, міндетті түрде Дәулет Мықтыбаевтың нұсқасы

(«Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» және «Мәңгілік сарын» анталогиясы»)

  1. Таңдау бойынша күй
  2. Қазақстан композиторларының шығармалары

II-кезең

  1. Ықылас «Жезкиік» (міндетті түрде)
  2. К.Шілдебаев «Қара кемер» (міндетті түрде)
  3. Домбырамен орындалатын күй
  4. Қазақстан композиторларының шығармалары 

ПРИМА-ҚОБЫЗ

I-кезең

  1. Қобызбен және домбырамен орындалатын күйлер (прима қобызға арналған өңдеу)
  2. А. Жайым «Сағыныш» (міндетті түрде)
  3. Шетел композиторларының ірі шығармалары

 

II-кезең

  1. К.Дүйсекеев «Скерцо» (міндетті түрде)
  2. Түркі тілді халықтарының шығармалары
  3. Таңдау бойынша ірі шығарма

Ұсынылатын нұсқалар:

  1. Э.Григ. Скрипка және фортепианода ойнауға арналған № 3 Соната (c moll)
  2. С.Франк. Скрипка және фортепианода ойнауға арналған Соната
  3. Э.Лало. «Испанская симфония» (II- бөлім Scherzando және V-бөлім Rondo міндетті түрде)
  4. Е.Брусиловский. Сюита «Бозайғыр»
  5. А.Жайым. Скрипка және оркестрмен концерт
  6. А.Жайым. «Күй – дастан» фантазиясы

 

«Домра-прима, шертер, бас-шертер»

ДОМРА-ПРИМА

І-кезең

  1. Е.Брусиловский. «Бозайғыр» Е. Мұхамедиевтің реттеуіндегі (міндетті түрде)
  2. Ірі нысандағы шығарма (Концерт, I – немесе II, III бөлімдері), соната

(2 бөлімнен кем емес), сюита (3 бөлімнен кем емес), және т.б

  1. Орыс немесе батыс еуропалық композиторының виртуозды шығармасы

(халық музыкасы негізінде жазылған шығарманы орындау рұқсат етіледі).

ІІ-кезең

  1. Е.Рахмадиев – Скерцоа), О. Хамзиннің өңдеуіндегі (міндетті түрде)
  2. Кантиленеге арналған шығарма (таңдау бойынша).
  3. Виртуозды шығарма (орындау шеберлігін көрсету)

ШЕРТЕР

 І-кезең

  1. К. Күмісбеков «Вальс» (міндетті түрде).
  2. Ірі нысандағы шығарма (Концерт, I – немесе II, III бөлімдері), соната

(2 бөлімнен кем емес), сюита (3 бөлімнен кем емес), және т.б

  1. Күй (таңдауы бойынша).

ІІ-кезең

  1. М. Әубәкіров – Концерттік пьеса «Серпін» (міндетті түрде).
  2. Виртуозды шығарма (орындау шеберлігін көрсету)
  3. Түркі тілдес халықтардың шығармасы (таңдау бойынша).

 

 

БАС-ШЕРТЕР

І-кезең

  1. К. Күмісбеков – Поэма, Е. Басықара өңдеген (міндетті түрде).
  2. Ірі нысандағы шығарма (Концерт, I – немесе II, III бөлімдері), соната

(2 бөлімнен кем емес), сюита (3 бөлімнен кем емес), және т.б

  1. Орыс немесе батыс еуропалық композиторының виртуозды шығармасы

ІІ-кезең

  1. А.Жайымов – Концерттік пьеса (міндетті түрде).
  2. Кантиленеге арналған шығарма (таңдау бойынша).
  3. Виртуозды шығарма (орындау шеберлігін көрсету)

 

Сыйлықтар және марапаттар:

Қобыз

Бас жүлде – Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 350 000 теңге;

1 орын –Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 300 000 теңге;

2 орын – Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 250 000 теңге;

3 орын-Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 200 000 теңге.

 

Прима-қобыз

Бас жүлде – Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 350 000 теңге;

1 орын –Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 300 000 теңге;

2 орын – Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 250 000 теңге;

3 орын-Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 200 000 теңге.

«Халық музыкасы. Домбыра-прима, шертер, бас-шертер» номинациясындағы Бас жүлде – Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 350 000 теңге;

Домра-прима

1 орын –Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 300 000 теңге;

2 орын – Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 250 000 теңге;

3 орын-Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 200 000 теңге.

Шертер, бас-шертер

1 орын Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 300 000 теңге;

2 орын – Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 250 000 теңге;

3 орын – Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 200 000 теңге.

Арнайы сыйлықтар:  

– Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасының атынан арнайы сыйақы – атаулы диплом және 80 000 теңге ақшалай сыйақы қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен беріледі;

– «Халық музыкасы. Қобыз, қобыз-прима» номинациясы бойынша Досымжан Тезекбаев атындағы диплом және 80 000 теңге ақшалай сыйақы қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен беріледі;

«Халық музыкасы. Домра-прима, шертер, бас-шертер» номинациясы бойынша – Дүйсенбек Толымбеков атындағы атаулы диплом және 80 000 теңге ақшалай сыйақы қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен беріледі;

Лауреат атанбаған ақтық турдың қатысушылары қазылар алқасының шешімі бойынша дипломдармен және «Халықаралық фестиваль дипломанты» атағымен марапатталады.