«Хореография» номинациясы (Халық биі)

Күні және өтетін орны:

Байқау 2018 жылдың 5-9 қараша аралығында «Жастар» театры ғимаратында өтеді.

 Конкурстың жалпы сипаттамасы:

  • Байқаудың барлық айналымдары жариялы түрде өтеді;
  • өнер көрсету тәртібі барлық қатысушылардың жеребесімен айқындалып, байқаудың соңына дейін сақталады;

Байқауда өнер көрсету 2 айналымнан тұрады, барлық өнер көрсету жариялы түрде өтеді;

  • Байқауда өнер көрсету тәртібі жеребемен айқындалып, байқаудың соңына дейін сақталады;
  • Байқау би ұжымдары, сондай-ақ жеке халық бағыты орындаушыларының арасында өтеді;
  • байқауға халық хореографиясының жоғары талаптарына сай келетін әр түрлі сипаттағы кез келген әлем халықтарының екі биі (таңдау бойынша) ұсынылады;
  • өнер көрсету ұзақтығы 5 минуттан аспайды.

 Қатысушыларға қойылатын талаптар:

Байқауға 16-дан 32 жастағы жынысы мен дініне қарамастан кез келген ұлт өкілі қатыса алады;

Байқауға қатысушылар орындау бағдарламаларын келу күні анықтайды және байқау кезінде оны өзгертуге құқығы жоқ.

Өтінім беру шарттары:

–  Ұсынылған үлгіде баспа әріптерімен толтырылған өтініштер мен өзге де қажетті құжаттар Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасының Ұйымдастыру комитетінде, сонымен қатар, фестивальдің shabyt.astana.kz ресми сайтында қабылданады.

–  Электронды өтінішті жібермес бұрын барлық қажетті жолдары толтырылғанына көз жеткізіңіз. Сондай-ақ, электронды өтінішті 2 және одан да көп рет жібермеуге кеңес береміз. Қажетті құжаттар тізімінде көрсетілген құжаттар қалыс қалған өтініш фестивальге қатысу үшін қабылданған болып саналмайды.

  1. Өтінім;
  2. Төлқұжат немесе жеке басын куәландыратын өзге құжаттың көшірмесі;
  3. Сіз қатысқан конкурстар және фестивальдер тізбесі, академиялық білімді қоса алғандағы қысқаша өмірбаян;
  4. Диплом көшірмесі немесе оқу орнынан берілген анықтама.

 Қазылар алқасы:

Қазылар алқасы халық бағытындағы хореография саласындағы беделді және танымал қайраткерлерден, сондай-ақ  өнер әлеміндегі белгілі мамандардан тұрады.

Қазылар алқасының шешімі қайта қаралуға жатпайды!

 Тіркелу:

Тіркеу рәсімі «Жастар» театры ғимаратында 2018 жылдың 5-6 қараша аралығында өтеді.

Тамақтану, тұрғын-жай, жол жүру:

Ұйымдастыру комитеті конкурсанттарды фестивальге қатысу уақытына тамақпен және тұрғын-жаймен қамтамасыз етеді. Егер конкурсант байқаудан шығып қалса, ол жүріп-тұру шығындарын өзі көтереді.

Шетелдік қатысушылар төлқұжаттарын және визаларын Қазақстан елшілігінде өз бетінше рәсімдейді.

Астана қаласына белгіленген мерзімнен бұрын келген қатысушылар өзінің келуіне дейін ұйымдастыру комитетімен белгіленген мерзімі келгенге дейін шығындарын өз бетінше көтереді (авиа және Ж/Д рейстері кестесіне қарамастан).

 Бағдарлама

 I-кезең

  1. Сюжетке арналған би.

II-кезең

  1. Таңдауы бойынша би

 Сыйлықтар және марапаттар:

Бас жүлде – Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 350 000 теңге;

1 орын –Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 300 000 теңге;

2 орын – Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 250 000 теңге;

3 орын-Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 200 000 теңге.

  Арнайы сыйлықтар:  

– Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасының атынан арнайы сыйақы – атаулы диплом және 80 000 теңге ақшалай сыйақы қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен беріледі;

«Хореография» номинациясы бойынша – Шара Жиенқұлова атындағы диплом және                      80 000 теңге ақшалай сыйақы қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен беріледі;

Лауреат атанбаған ақтық турдың қатысушылары қазылар алқасының шешімі бойынша дипломдармен және «Халықаралық фестиваль дипломанты» атағымен марапатталады.