«Эстрада вокалы» номинациясы»

Күні және өтетін орны:

Байқау 2018 жылдың 5-9 қараша аралығында «Астана» концерт залында  өтеді.

 Конкурстың жалпы сипаттамасы:

  • Конкурстық өнер көрсету концерттік залда жариялы түрде өтеді;
  • өнер көрсету тәртібі барлық қатысушылардың жеребесімен айқындалып, конкурстың соңына дейін сақталады;
  • Өзімен бірге болу қажет: шағын дискілері бар қораптар (флэшка) және ракордта орындаушының тегі, авторы және шығарманың атауы анық жазылуы тиіс. Жазба кәсіби аппаратурада жасалуы тиіс;
  • Байқау соло, дуэт, трио, эстрадалық ансамбльдер орындаушылары арасында өтеді;
  • Байқауға қатысушылар 3 ән орындайды;
  • әрбір қатысушының өнер көрсету ұзақтығы кемінде 4 минут.

 

 Қатысушыларға қойылатын талаптар:

Конкурсқа 16-дан 35 жасты қоса алғандағы кез келген ұлт өкілі қатыса алады;

 Өтінім беру шарттары:

–  Ұсынылған үлгіде баспа әріптерімен толтырылған өтініштер мен өзге де қажетті құжаттар Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасының Ұйымдастыру комитетінде, сонымен қатар, фестивальдің shabyt.astana.kz ресми сайтында қабылданады.

–  Электронды өтінішті жібермес бұрын барлық қажетті жолдары толтырылғанына көз жеткізіңіз. Сондай-ақ, электронды өтінішті 2 және одан да көп рет жібермеуге кеңес береміз. Қажетті құжаттар тізімінде көрсетілген құжаттар қалыс қалған өтініш фестивальге қатысу үшін қабылданған болып саналмайды.

  1. Өтінім;
  2. Төлқұжат немесе жеке басын куәландыратын өзге құжаттың көшірмесі;
  3. Сіз қатысқан конкурстар және фестивальдер тізбесі, академиялық білімді қоса алғандағы қысқаша өмірбаян;
  4. Диплом көшірмесі немесе оқу орнынан берілген анықтама;

Қазылар алқасы:

Қазылар алқасы беделді және танымал музыканттардан тұрады, сонымен қатар өнер әлеміндегі белгілі мамандардан тұрады.

Қазылар алқасының шешімі қайта қаралуға жатпайды!

 Тіркелу:

Тіркеу рәсімі «Астана» концерт залында 2018 жылдың 5 қарашасында өтеді.

 Тамақтану, тұрғын-жай, жол жүру:

Ұйымдастыру комитеті конкурсанттарды фестивальге қатысу уақытына тамақпен және тұрғын-жаймен қамтамасыз етеді. Егер конкурсант байқаудан шығып қалса, ол жүріп-тұру шығындарын өзі көтереді.

Шетелдік қатысушылар төлқұжаттарын және визаларын Қазақстан елшілігінде өз бетінше рәсімдейді.

Астана қаласына белгіленген мерзімнен бұрын келген қатысушылар өзінің келуіне дейін ұйымдастыру комитетімен белгіленген мерзімі келгенге дейін шығындарын өз бетінше көтереді (авиа және Ж/Д рейстері кестесіне қарамастан).

Бағдарлама

 І-кезең

  1. Конкурсқа қатысушы елінің хиты

ІІ-кезең

  1. Әлемдік хит

ІІІ-кезең

  1. Қазақстан композиторларының әндерін орындау

Сыйлықтар және марапаттар:

Бас жүлде – Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 350 000 теңге;

1 орын –Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 300 000 теңге;

2 орын – Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 250 000 теңге;

3 орын-Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 200 000 теңге.

Арнайы сыйлықтар:  

– Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасының атынан арнайы сыйақы – атаулы диплом және 80 000 теңге ақшалай сыйақы қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен беріледі;

«Эстрада вокалы» номинациясы бойынша – Болат Сыздықов атындағы атаулы диплом және 80 000 теңге ақшалай сыйақы қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен беріледі;

Лауреат атанбаған ақтық турдың қатысушылары қазылар алқасының шешімі бойынша дипломдармен және «Халықаралық фестиваль дипломанты» атағымен марапатталады.